Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Дастан Сәтпаев «Бернли» сапындағы матчқа құжат мәселесінен қатыса алмады

Дастан Сәтпаев «Бернли» сапындағы матчқа құжат мәселесінен қатыса алмады
Сурет: aikyn.kz

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Бернли» сапындағы бүгінгі ойынға өтінімге енбеді. Бұл жарақатқа байланысты емес, құжаттардың уақытында рәсімделмеуіне байланысты болып отыр.

«Спорт Шредингера» телеграм арнасының хабарлауынша, клуб футболшыны матчқа тіркеу үшін қажетті құжаттарды уақытында дайындап үлгермеген. Басылымның болжамынша, мәселе Сәтпаевтың Ұлыбританиядағы жұмыс визасына қатысты болуы мүмкін.

Сәтпаев «Челсиден» «Бернлиге» бір маусымға жалға берілген. «Бернли» келесі кездесуін 23 тамызда өткізеді. Осы уақытқа дейін қазақстандық футболшының құжаттары толық рәсімделеді деп күтілуде.