Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Данияр Елеусінов Майамиде отбасымен бірге көрінді

Данияр Елеусінов Майамиде отбасымен бірге көрінді
Сурет: aikyn.kz

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Instagram-парақшасында Майамиден видео жариялады. Кадрларда спортшының отбасы мүшелерімен бірге көлікпен қала көшелерінде келе жатқаны көрінеді.

Жарияланымдағы геолокацияға сәйкес, Елеусінов қазір Майамиге жақын орналасқан Кендалл ауданында жүр.

Еске салайық, биыл шілде айында Данияр Елеусінов Астанада жол-көлік оқиғасына байланысты полицияға жеткізілген еді. Іс материалдарына сәйкес, боксшы Toyota Land Cruiser көлігін мас күйінде басқарған. Ол бірнеше көлікпен соқтығысқаннан кейін оқиға орнынан кетуге әрекет жасаған.

Апат салдарынан адамдар зардап шеккен жоқ, алайда бірнеше автокөлікке материалдық шығын келді. Сот отырысында Елеусінов өз кінәсін толық мойындады. Астананың мамандандырылған соты боксшыны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырды.