Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
16 қазан 2026, жұма USD 454,1 EUR 509,2 RUB 5,41 CNY 67,9 Астана -2° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Бүркіт анасының Аиша туралы айтқан сөзін еске алды

Бүркіт анасының Аиша туралы айтқан сөзін еске алды
Сурет: aikyn.kz

Әнші Бүркіт «Отец» подкастында отбасы туралы әңгімелеп, ата-анасының қарым-қатынасы өзіне үлгі болғанын айтты.

Ол әкесінің анасына деген құрметі мен сыйластығын көріп өскенін жеткізді. Отбасында ұсақ-түйек келіспеушіліктер болғанымен, ата-анасының қатты жанжалдасқанын көрмегенін атап өтті. «Қазір біз де солай өмір сүріп жатырмыз», – дейді әнші.

Бүркіт үйленер кезде анасының болашақ жұбайына деген көзқарасы маңызды болғанын жасырмады. Анасы адамның қандай екенін көзіне қарап айтатынын, таныстырған қыздарын 34 жасқа дейін ұнатпай жүргенін еске алды. «Бір күні анам Аишаны бейнебаяннан көріп, “Жақсы қыз ғой, көздері қандай мейірімді” деді. Сол сөзі есімде қалды», – деп бөлісті ол.

Сонымен қатар әнші жастарға материалдық жағдайын реттеп барып, отбасы құруға кеңес берді. Өзі де отбасын құрмас бұрын осы мәселеге мән бергенін атап өтті.