Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
10 тамыз 2026, дүйсенбі USD 469,9 EUR 541,6 RUB 5,71 CNY 69,7 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Бір аптада Қазақстанда 47 орман өрті тіркелді

Қазақстанда бір апта ішінде 47 орман өрті тіркелді. Барлық ошақ дер кезінде анықталып, сөндірілді. Мамандар өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады.

Бір аптада Қазақстанда 47 орман өрті тіркелді
Сурет: baq.kz

2-9 тамыз аралығында Қазақстан бойынша 47 орман өрті тіркелді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлім етті.

Оның 21-і жергілікті атқарушы органдарға қарасты орман шаруашылығы мекемелерінде, тағы 26-сы мемлекеттік орман қоры аумағында болған.

Өрт ошақтары мемлекеттік орман күзетінің жерүсті бақылауы, «Қазавиаорманқорғау» кәсіпорнының әуе патрульдеуі және орман өрттерін ерте анықтау жүйелері арқылы дер кезінде анықталған.

Өрттерді сөндіруге орман күзетінің қызметкерлері, «Қазавиаорманқорғау» авиациясы мен әуе өрт сөндіру десанттары, сондай-ақ қажетті техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттердің таралуына жол берілмей, барлық ошақ қысқа мерзімде оқшауланып, сөндірілді.

Мамандар тұрғындарды табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.