Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

BI Group Сац театрын жаңартып, 25 млн теңге қолдау көрсетті

BI Group Сац театрын жаңартып, 25 млн теңге қолдау көрсетті. Жаңа корпуста Black Box камералық сахнасы ашылды.

BI Group Сац театрын жаңартып, 25 млн теңге қолдау көрсетті
Сурет: aikyn.kz

BI Group компаниясы тарихи ғимаратты жаңартып, камералық сахнасы бар жаңа корпус салып, театр маңындағы аумақты абаттандырды. Сонымен қатар, театрдың шығармашылық дамуына 25 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Сурет: aikyn.kz

Компания өкілдері сертификатты театр ұжымына тапсырды. Бұл қолдау жаңартылған кешенде жаңа қойылымдар мен шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ балалар мен жастарға арналған мәдени бастамаларды дамытуға мүмкіндік береді. Қайта ашылғаннан кейін театр білім беру және мәдени қызметті біріктіретін заманауи өнер орталығы ретінде дамымақ.

Сурет: aikyn.kz

Н.Сац театрының директоры Олег Гостев компанияға алғысын білдіріп: «Біз BI Group-ке тек театрымыздың жаңарғаны үшін ғана емес, сондай-ақ шығармашылық дамуына қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдіреміз. Заманауи алаң жаңа қойылымдар, шығармашылық жобалар, тәжірибелер мен балалар мен жастарға арналған тың бастамаларға жол ашуы қажет. Сондықтан компанияның қолдауы біз үшін – театрдың жаңа өміріне, оның шығармашылығы мен жаңа мүмкіндіктеріне қосқан үлес. Қайта жөндеу жұмысынан кейін Сац театры тек қойылымға келетін жер емес, көрме, дәрістер, шеберлік сыныптары, шығармашылық кездесулер мен білім беру бағдарламалары ұйымдастырылатын орын болуы керек», – деді.

Сурет: aikyn.kz

Кең көлемді қайта жөндеу аясында тарихи ғимарат қана емес, жаңа инфрақұрылым да тартылды. Кешеннің жалпы ауданы 25 мың шаршы метрді құрайды, оның 10,56 мың шаршы метрі жаңадан салынған бес қабатты корпусқа тиесілі.

Сурет: aikyn.kz

Жоба командасы театр мұрасын сақтауға ерекше мән берді. Қабырғалар мен едендердің мәрмәр жабындары, мозаикалық композициялар мен көркемсурет элементтері реставрацияланды. Жоғалып кеткен интерьерлік үлгілер мұрағат материалдары мен бастапқы сызбалар бойынша қалпына келтірілді.

BI Group жобасының жетекшісі Асқар Сағандықов: «Біз үшін ғимаратты жай ғана жаңғырту емес, оның өзіндік болмысы мен тарихын айқындайтын ерекшеліктерін сақтап қалу маңызды болды. Сонымен қатар, театр үшін мүлде жаңа инфрақұрылым жасақтадық. Нәтижесінде, тарихи ғимарат пен жаңа корпус біртұтас кешенге айналды: бір бөлігі Сац театрының тарихи мұрасын сақтаса, екіншісі оның одан әрі дамуына жаңа мүмкіндіктер береді», – деді.

Жаңа корпустың басты нысаны – 220 көрерменге дейін қабылдай алатын, конфигурациясы өзгертілетін Black Box камералық сахнасы. Дәстүрлі залдан ерекшелігі – кеңістіктің қойылым немесе іс-шара форматына қарай құрылымын өзгерту мүмкіндігі.

Реконструкциядан кейін кешен тек қойылымдар үшін ғана пайдаланылмайды. Жаңа кеңістік көрмелер, дәрістер, шеберлік сыныптары, шығармашылық кездесулер мен білім беру бағдарламаларын ұйымдастыруға есептелген. Театр маңындағы аумақ та түрленді: абаттандырылған отбасылық қоғамдық орын, демалыс аймақтары мен балаларға арналған су алаңы пайда болды.

Реконструкцияның аяқталуы Сац театрының тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы болмақ. BI Group заманауи инфрақұрылым салуға көмектесті, ал қосымша қолдау ретінде берілген 25 миллион теңге өнер мен театрдың жаңа жобаларын әрі қарай дамытуға мүмкіндік береді.