Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
16 қазан 2026, жұма USD 454,1 EUR 509,2 RUB 5,41 CNY 67,9 Астана +3° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Бельгия королі Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге шақырды

Бельгия королі Филипп Брюссель мен Астана арасындағы байланыстарды нығайтуға қажетті алғышарттардың бар екенін айтып, бизнес өкілдерін ынтымақтастықты…

Бельгия королі Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге шақырды
Сурет: aikyn.kz

Бельгия королі Филипп Брюссель мен Астана арасындағы байланыстарды нығайту үшін қажетті алғышарттардың толық қалыптасқанын мәлімдеді. Ол Еуропалық одақтың орталығында орналасқан Бельгияның Еуропа нарығына шығатын қақпа ретіндегі рөлін атап өтті.

Корольдің айтуынша, Бельгия технология, инновация, таза энергетика, логистика және халықаралық сауда салаларында айтарлықтай тәжірибе жинақтаған. Ал Қазақстан еуразиялық кеңістіктегі маңызды аумақ ретінде географиялық орналасуы мен табиғи ресурстарының арқасында әлемдік экономикада айрықша орны бар аймақтық сауда, инвестиция және жасыл экономика орталығына айналды.

«Мұның бәрі ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге шынайы негіз болады», – деді Король Филипп.

Сонымен қатар ол екі елдің бизнес өкілдерін энергетика, аса маңызды минералдар, көлік-логистика, қаржы және туризм сияқты перспективті салаларда ықпалдастықты жандандыруға шақырды.

«Бельгия мен Қазақстанның арасы географиялық жағынан алшақ болғанымен, мақсат-мұраттарымыз, амал-әрекеттеріміз және табандылығымыз тұрғысынан өте жақын елдерміз», – деп түйіндеді Король Филипп.