Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
11-14 қазан аралығында Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.
Сапар барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективалары талқыланады.
Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, король Филипп және патшайым Матильда «Қазақстан-Бельгия» іскерлік кеңесінің 4-отырысына, екі ел жоғары оқу орындары ректорларының форумына және басқа да іс-шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.
Сапар қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжатқа қол қойылады.




