«Барселона» Алабаны сатып алуы мүмкін
«Барселона» Давид Алабаны сатып алуы мүмкін. Каталониялық клуб қорғанысты күшейту үшін австриялық футболшыны қарастырып жатыр.
Каталониялық «Барселона» клубы австриялық қорғаушы Давид Алабаны сатып алуы мүмкін. Бұл туралы инсайдер Экрем Конур мәлімдеді.
«Барселонаның» бас бапкері Ханси Флик қорғаныс шебін нығайтқысы келеді. Осыған байланысты Алаба клуб қарастырып жатқан үміткерлердің біріне айналды.
34 жастағы футболшыға Италияның «Рома» және «Лацио» клубтары да қызығушылық танытуда.
Алаба 2021 жылы «Бавариядан» «Реал Мадридке» еркін агент ретінде ауысқан еді. Мадридтік клуб сапында ол Испания чемпионаты мен Чемпиондар лигасын қоса алғанда бірнеше жүлдеге ие болды.




