Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Азық-түлік бағасы: картоп, пияз, қырыққабат пен сәбіз арзандады

Өткен аптада картоп, пияз, ақ қырыққабат, сәбіз, алма, нан және ірімшік бағасы төмендеді.

Азық-түлік бағасы: картоп, пияз, қырыққабат пен сәбіз арзандады
Сурет: aikyn.kz

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бірқатар позиция бойынша төмендеді. Картоп 6,9%-ға, пияз 5,9%-ға, ақ қырыққабат 5,1%-ға, сәбіз 4,5%-ға, алма 0,8%-ға, нан 0,4%-ға және ірімшік 0,3%-ға арзандады.

Бірінші сұрыпты бидай ұны, рожки, сүт және сүзбе бағасы өзгеріссіз қалды.

Өңірлер бөлінісінде дефляциялық динамика байқалды. Астана, Атырау, Жезқазған, Қызылорда, Өскемен, Семей және Түркістан қалаларында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының жалпы деңгейі апта ішінде 0,1%-ға төмендеді. Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Тараз қалаларында бағалар өткен апта деңгейінде сақталды.

Республика бойынша пияздың орташа бағасы бір келісіне 156 теңге болды. Ең төмен баға Павлодар қаласында тіркеліп, 123 теңгені құрады.

Сәбіздің орташа бағасы бір келісіне 227 теңге. Павлодарда ең төмен баға – 146 теңге.

Картоптың орташа бағасы бір келісіне 217 теңге. Ең қолжетімді бағалар Павлодарда – 152 теңге және Қостанайда 184 теңге деңгейінде тіркелді.

Қызанақтың орташа бағасы бір келісіне 586 теңге. Ең төмен баға Тараз қаласында – 347 теңге.

Ет өнімдерінің ішінде республика бойынша сүйекті сиыр етінің орташа бағасы бір келісіне 3 819 теңге, тауық етінің бағасы 1 747 теңгені құрады.