Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +8° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Азия кубогы: Қазақстан велоспортшылары 11 медаль жеңіп алды

Бангкокта өткен Азия кубогында қазақстандық велоспортшылар жасөспірімдер арасында 5 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.

Азия кубогы: Қазақстан велоспортшылары 11 медаль жеңіп алды
Сурет: aikyn.kz

Бангкокта тректегі велоспорттан Азия кубогы мәресіне жетті. Бұл додаға қатысқан қазақстандық спортшылар жасөспірімдер арасында бақ сынап, қоржындарына 5 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль салды.

ҚР ҰОК мәліметінше, Аружан Қабдулова із кесу сайысында топ жарса, ұпай үшін өткен жарыста да жеңімпаз атанды. Мансұр Бралин кейринде бас жүлдені иеленді.

Командалық спринтте Зейнолла Азаматұлы, Илья Куварин және Мансұр Бралин үздік шығып, тағы бір алтынды еншіледі. Жекелей спринтте Илья Куварин бірінші орынға тұрақтады.

Күміс жүлделерді Аружан Қабдулова (скрэтч), Виталина Хоружая (ұпай үшін жарыс) және Зейнолла Азаматұлы (із кесу) жеңіп алды. Ал қола медальдарды Виталина Хоружая мен Әлихан Жүнісов (скрэтч), сондай-ақ Мансұр Бралин (жекелей спринт) қанжығаларына байлады.