Әйкерім Қалаубаева жаңа әні мен биін ұсынды
Әйкерім Қалаубаева жаңа әнін ұсынып, би қойылымын таныстырды. Желі қолданушылары оның образын Шакираға ұқсатып, жылы пікірлер қалдырды.
Әнші Әйкерім Қалаубаева жаңа туындысын көпшілік назарына ұсынып, оған ерекше би қойылымын да таныстырды.
Әнші жаңа әнін «Сенің ғана құшағыңда, бақыт биін билеймін!» деген жазбамен бөлісті. Оның образы мен биі әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, көпшілік қимылын әлемге танымал әнші Шакираның стиліне ұқсатты.
Желі қолданушылары Әйкерімнің өнеріне жылы лебіздерін жаудырды. «Бар сұлулық осы қызда», «Талғамыңыз күшті!», «Образ жараса қалды!», «Біздің Шакирамыз!», «Шакирамыздан асып кетті!» деген пікірлер жазылған.
Кейбір оқырман әншінің жас көрінетініне әзілмен таңданысын білдіріп, «Қартаюды ұмытып кеткенсіз бе?» деп жазған. Пікірлердің басым бөлігінде әншінің образы мен биіне оң баға берілген.




