Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
10 тамыз 2026, дүйсенбі USD 469,9 EUR 541,6 RUB 5,71 CNY 69,7 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Ауыл жастарына жаңа мүмкіндік: білім гранты мен 60 мың теңге шәкіртақы беріледі

Ауыл жастарына арналған білім гранты: оқу ақысы жылына 1 млн теңгеге дейін, ай сайын 60 мың теңге шәкіртақы. Кімдер қатыса алады?

Ауыл жастарына жаңа мүмкіндік: білім гранты мен 60 мың теңге шәкіртақы беріледі
Сурет: aikyn.kz

ауылдық елді мекендердегі, сондай-ақ шағын және моноқалалардағы мектептердің 25 жасқа дейінгі түлектері әлеуметтік санаттардың біріне жататын болса, арнайы білім беру грантына үміткер бола алады.

Грантқа төмендегі санаттағы талапкерлер қатыса алады:

  • жетім балалар және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар;
  • мүгедектігі бар азаматтар;
  • мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары;
  • ата-анасының мүгедектігі бар талапкерлер.

Грант иегерлеріне қандай қолдау көрсетіледі?

Білім беру гранты бойынша оқу ақысы жылына 1 миллион теңгеге дейін төленеді. Бұдан бөлек, студенттерге оқу кезеңінде ай сайын 60 мың теңге шәкіртақы беріледі. Шәкіртақы жазғы демалыс кезеңін қоспағанда, жылына 10 ай бойы төленеді.

Грант қалай беріледі?

Үміткерлердің тізімін бағдарламаға қатысатын жоғары оқу орны немесе оның филиалы қалыптастырады. Конкурсқа ҰБТ тапсырып, жоғары оқу орнына түсу үшін белгіленген ең төменгі өту балын жинаған талапкерлер қатысады. Шығармашылық білім беру бағдарламалары бойынша шығармашылық емтихандардың нәтижелері де ескеріледі.

Үміткерлердің қорытынды тізімі жоғары оқу орнының конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасы негізінде бекітіледі.

Бағдарламаға қатысатын жоғары оқу орындарының тізімі, бөлінген гранттар саны және гранттарды беру тәртібі туралы толық ақпарат «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының ресми сайтында жарияланған: qazaqstanhalqyna.kz.