Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
18 қазан 2026, жексенбі USD 452,1 EUR 509,0 RUB 5,41 CNY 67,6 Астана +7° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Атырау вокзалындағы құлаған жұмысшы комада жатыр

Атырау теміржол вокзалын қайта жаңғырту кезінде бес метр биіктіктен құлаған жұмысшы комада жатыр. Полиция тергеу бастады, еңбек инспекциясы комиссия құрады.

Атырау вокзалындағы құлаған жұмысшы комада жатыр
Сурет: aikyn.kz

Атырау теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары кезінде бес метр биіктіктен құлаған ер адамның жағдайы ауыр. 1984 жылы туған жұмысшы ауруханаға ауыр халде жеткізілген, қазір ол комада жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, науқаста церебралды жеткіліксіздік және жұлын шогы тіркелген. Қан айналымы тұрақсыз болғандықтан, оны қолдау мақсатында арнайы дәрілік препараттар қолданылуда.

Оқиғаға қатысты Атырау стансасындағы көлік полициясы еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін бастады.

Сонымен қатар Еңбек инспекциясы жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылатынын мәлімдеді.