Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Астанада тамыз айында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Астанада 22-23 тамызда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Фермерлер мен өндірушілер өнімдерін ұсынады. Іс-шара Keryen Joly сауда орталығында өтеді.

Астанада тамыз айында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Сурет: aikyn.kz

Елордада 22-23 тамыз күндері ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жәрмеңкеге еліміздің түкпір-түкпірінен фермерлер мен өндірушілер өз өнімдерін алып келеді. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс, жеміс-жидек, ет, ұн, сүт өнімдері, нан-тоқаш, табиғи шырындар, тосап, джем және басқа да азық-түліктерді қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Іс-шара Keryen Joly сауда орталығының аумағында сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.

Жәрмеңкеге барушылар үшін №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобус бағыттары қатынайды.