Астанада тұрғылықты жері жоқ азаматтарға көмек көрсетілуде
Астананың Алматы ауданында тұрғылықты жері жоқ азаматтарға көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде.
Астананың Алматы ауданында тұрақты тұрғылықты жері жоқ азаматтармен жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар қажетті көмекті ұйымдастыруға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Алматы ауданы әкімінің аппараты аудандық полиция басқармасымен және қалалық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, қолдауға мұқтаж азаматтарды анықтап, олардың негізгі әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектесуде. Атап айтқанда, қажетті құжаттарды қалпына келтіру және рәсімдеу бойынша көмек көрсетіледі.
Бұл азаматтарға алдағы уақытта ресми түрде жұмысқа орналасуға, әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуге және өз бетінше өмір сүруге қайта оралуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, медициналық тексеруден өтуге жәрдем көрсетіледі, бұл ықтимал ауруларды дер кезінде анықтауға, қажетті медициналық көмекке бағыттауға және жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.
Аталған жұмыс санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіз қалалық ортаны қамтамасыз етуге бағытталған. Мүдделі қызметтердің бірлескен жұмысы өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетіп қана қоймай, туындайтын әлеуметтік және санитариялық мәселелерді уақтылы шешуге бағытталған.




