Астанада Төле би көшесінде екі күн көлік қозғалысы жабылады
Астана қаласында 12 және 13 қыркүйек күндері Бұқар Жырау мен Төле би көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады. Бұл туралы қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады.
Шектеу Төле би көшесінің Роза Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі бөлігінде жол құрылысы жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр.
Осы учаскеде жол салу жұмыстары жүргізіледі.
Қала тұрғындары мен қонақтарына сапар бағытын алдын ала жоспарлап, қозғалыс сызбасындағы уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылады.




