Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Астанада салынып жатқан көпқабатты үйден өрт шықты

Астанада салынып жатқан көпқабатты үйден өрт шықты
Сурет: aikyn.kz

Астананың Сарайшық ауданында салынып жатқан 12 қабатты тұрғын үйде өрт болды. Бұл туралы Aikyn.kz сайты хабарлады.

Оқиға А-32 көшесіндегі құрылыс нысанында тіркелді. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ғимараттың бірінші қабатынан жетінші қабатына дейінгі жылу оқшаулағыш материал ашық жалынмен жанған.

Қазіргі уақытта ТЖМ құтқарушылары өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Арнайы оқпандар беріліп, судың үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасуда.