Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Астанада демалыс күндері мас күйде көлік жүргізген 24 жүргізуші ұсталды

Астанада демалыс күндері мас күйде көлік жүргізген 24 жүргізуші ұсталды
Сурет: aikyn.kz

Астана полициясы өткен демалыс күндері алкогольдік масаң күйде көлік тізгіндеген 24 жүргізушіні анықтады. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиғалардың бірі Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері түнгі сағат бір шамасында тіркелді. Елорда көшелерінің бірінде Haval автокөлігі тоқтатылып, оны 38 жастағы ер адам басқарғаны анықталды. Медициналық куәландыру нәтижесінде оның мас күйінде болғаны расталды.

Полиция департаментінің хабарлауынша, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Сот шешімімен ол 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Астана қаласының Полиция департаменті мас күйінде көлік басқарудың жол қозғалысы қауіпсіздігіне, азаматтардың өмірі мен денсаулығына төндіретін қаупін ескертіп, мұндай әрекеттер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын атап өтті.