Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +18° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Астанада жаттығу кезінде футбол қақпасы балаға құлады

10 тамызда Астанада футбол қақпасы балаға құлап, ол зардап шекті. ҚФФ оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Астанада жаттығу кезінде футбол қақпасы балаға құлады
Сурет: aikyn.kz

10 тамызда Астанадағы футбол алаңдарының бірінде жаттығу кезінде бала зардап шекті. Бұл туралы Aikyn.kz сайты хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, жаттығу барысында футбол қақпасы баланың үстіне құлаған. Зардап шеккен бала медициналық мекемеге жеткізіліп, қазір оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Қазақстан футбол федерациясы балаға және оның отбасына қолдау білдірді. Федерацияның мәліметінше, оқиға болған футбол алаңын олар жеке футбол мектебіне жаттығу жиындарын өткізу үшін жалға берген.

Қазір Федерация оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сонымен қатар нысан мен футбол жабдықтарының техникалық жағдайына ішкі тексеру жүргізілуде.

Федерация оқиғаның себептерін анықтау үшін құзырлы органдарға барлық қажетті ақпаратты ұсынуға және тергеу жұмыстарына жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.