Астанада екі көше қиылысында жол жөндеуіне байланысты қозғалыс шектеледі
26 тамызда Астанада Қ. Мұхамедханов пен Ш. Айтматов көшелерінің қиылысында жол төсемін жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жүру бағытын алдын ала жоспарлау және ықтимал өзгерістерді ескеру ұсынылады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.




