Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры өртенді
Астана қаласының Алматы ауданындағы Обаган көшесінде екі қабатты ғимараттың шатыры өртке оранды. Ғимараттың бірінші қабатында сауна мен сыра дүкені, ал екінші қабатында жекеменшік балабақша орналасқан.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткенде, шатыр ашық жалынмен жанған. Тілсіз жауды сөндіру барысында жалынның көрші тұрғын үйлерге таралуына жол берілмеді.
Өрт 250 шаршы метр аумақта ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.




