Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Астанада бес автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді

Астанада бес автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
Сурет: aikyn.kz

Астанада жол жөндеу жұмыстары мен көлік қозғалысына енгізілген шектеулерге байланысты бес автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Бұл туралы City Transportation Systems хабарлады.

Өзгеріс №1, №20, №70, №35 және №36 автобус бағыттарына қатысты. Жолдың жабық учаскелеріне байланысты автобустар уақытша өзгертілген бағытпен қатынайды.

Сурет: aikyn.kz

Осыған байланысты кейбір аялдамаларда жолаушыларды отырғызу және түсіру уақытша тоқтатылады.

Қала тұрғындарына сапарларын алдын ала жоспарлап, қоғамдық көлік қозғалысындағы өзгерістерді ескеруге кеңес берілді.