Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Астанада архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру мәселесі шешілді

Астанада архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру жөніндегі комиссия отырысы өтіп, Ұлттық және Орталық мемлекеттік архивтерге бұл мәртебе берілді.

Астанада архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру мәселесі шешілді
Сурет: aikyn.kz

Астанада мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру мәселелері жөніндегі Арнайы комиссияның отырысы өтті. Жиын қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві мен Орталық мемлекеттік архивіне аталған мәртебе берілмек.

Комиссия архивтердің ел Президенті Жарлығындағы талаптарға сай келуін бағалады. Архив ісін дамытуға қосқан үлес, тарихи-мәдени және ғылыми құнды құжаттардың сақталуы мен қолжетімділігі, сондай-ақ материалдық-техникалық және цифрлық инфрақұрылым жай-күйі ескерілді.

«Ұлттық» мәртебе мемлекет пен қоғам үшін маңызы ерекше архивтерге беріледі. Бұл олардың тарихи-мұраны сақтау, қорларды цифрландыру, құжаттарды ғылыми айналымға енгізу және архив ісін дамытудағы орнын айқындайды. Жаңа мәртебе 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.