Астанада 22-қабаттан құлаған қыз қайтыс болды
Астанада Роза Бағланова көшесіндегі тұрғын үйдің 22-қабатынан құлаған қыз қайтыс болды. Полиция суицид дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Астанадағы Роза Бағланова көшесінде орналасқан тұрғын үйдің 22-қабатынан құлаған қыз көз жұмды. Қайғылы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.
Оқиға 17 тамыз күні кешкі уақытта тіркелген. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қыз көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен.
Құлау кезінде алған ауыр жарақаттары салдарынан ол оқиға орнында қайтыс болды.
Астана қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша суицид дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу барысы мен оқиғаның нақты себептері қосымша анықталатын болады, — деп мәлімдеді Астана қаласының ПД.




