Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +8° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Астана – Қарағанды – Алматы жолында түнгі уақытта қозғалыс шектеледі

Астана – Қарағанды – Алматы жолының 1194–1209 шақырымында жөндеу жұмыстарына байланысты 24 тамыздан 10 қыркүйекке дейін түнгі уақытта қозғалыс шектеледі.

Астана – Қарағанды – Алматы жолында түнгі уақытта қозғалыс шектеледі
Сурет: baq.kz

Республикалық маңызы бар Астана – Қарағанды – Алматы автожолының бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» мәлімдеді.

1194–1209 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты Жібек Жолы мен Қаскелең арасындағы жол бөлігінде 24 тамыздан 10 қыркүйекке дейін күн сайын сағат 22:00-ден 05:00-ге дейін көлік қозғалысы шектеледі.

«Жол жұмыстарының қауіпсіз әрі сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету үшін көлік қозғалысы айналма жол арқылы ұйымдастырылады. Жүргізушілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол белгілерінің талаптарын және реттеушілердің нұсқауларын қатаң сақтауды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Бұған дейін 12–20 тамыз аралығында Астана – Қарағанды – Алматы тасжолының 1121–1186 шақырым аралығындағы бөлігінде де қозғалысқа шектеу енгізілген болатын.