Астанадағы фитнес-орталық жертөлесінде кабель тұтанып, 20 адам қауіпсіз жерге шығарылды
Астананың Алматы ауданында Қ.Сәтбаев көшесі бойындағы екі қабатты фитнес-орталықтың жертөлесінде кабель өртенді. Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері оқиға орнына дереу жетті.
Құтқарушылар жертөле бөлмесінің қатты түтінге толғанын анықтады. Ғимараттағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны 20 адамды эвакуациялады.
– ТЖМ бөлімшелерінің жедел әрекет етуінің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Өрттің одан әрі таралуына жол берілген жоқ. Зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада.




