Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Арқан тартыстан Қазақстан құрамасы тағы бір алтын алды

Арқан тартыстан Қазақстан құрамасы тағы бір алтын алды
Сурет: aikyn.kz

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы арқан тартыстан тағы бір алтын жүлдені қоржынға салды.

Бүгін арқан тартыстың 4×4 түрінен сынға түскен ұлттық құрама тартысты бәсекеде үздік шығып, жеңімпаз атанды.

Бұл — құраманың осы ойындардағы екінші алтыны. Кеше дәл осы спортшылар арқан тартыстың 8×8 түрінен де алтын жүлде еншілеген болатын.