Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Аралда құдыққа құлаған түйе құтқарылды

Арал қаласында құдыққа құлаған түйе ТЖД қызметкерлерінің арнайы техникамен жүргізген операциясының арқасында аман қалды.

Аралда құдыққа құлаған түйе құтқарылды
Видеодан кадр

Қызылорда облысының Арал қаласында ерекше құтқару операциясы өтті. Абилхайыр Хан көшесіндегі тұрғын үйдің жанындағы құдыққа түйе құлап кеткені туралы құтқару қызметіне хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД қызметкерлері жануарды құтқару үшін арнайы АСА-20 техникасын жұмылдырды.

Құтқарушылар жұмысты мұқият ұйымдастырып, арнайы техниканың көмегімен түйені құдықтан көтеріп шығарды. Одан кейін жануар иесіне тапсырылды.

Операция сәтті аяқталды — түйе зардап шеккен жоқ және құтқарылды.