Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

АҚШ-та бензин бағасы рекордтық деңгейге жетті

АҚШ-та Еңбек күні қарсаңында бензин бағасы рекорд жаңартып, бір галлон 4,14 долларға жетті. Дизель отыны да қымбаттап, 5,85 долларды құрады.

АҚШ-та бензин бағасы рекордтық деңгейге жетті
Сурет: aikyn.kz

АҚШ-та Еңбек күніне орай ұзақ демалыс қарсаңында бензин бағасы тарихи максимумға көтерілді. Ел бойынша кәдімгі бензиннің орташа бағасы бір галлон үшін 4,14 долларды (шамамен 1885 теңге) құрады.

Associated Press деректеріне сәйкес, бұл көрсеткіш былтырғы деңгейден шамамен 1 долларға жоғары. Сонымен қатар, 2012 жылы белгіленген бір галлон үшін 3,82 долларлық алдыңғы рекорд та жаңартылды.

Жанармай құнының өсуіне АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылынан кейінгі геосаяси шиеленіс, Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалының азаюы және мұнай өңдеу зауыттарындағы техникалық ақаулар себеп болып отыр.

Дизель отыны да рекордтық деңгейге жетіп, бір галлонның орташа бағасы 5,85 долларды (шамамен 2664 теңге) құрады. Бұл жүк тасымалы шығындарын арттырып, тауарлар мен жеткізу қызметтерінің қымбаттауына әкелуі мүмкін.

АҚШ Энергетика министрлігінің болжамынша, алдағы айларда бензин бағасы төмендеуі ықтимал.