Ақордада Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Ақордада мәртебелі меймандарды ресми қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды.

Салтанатты шара барысында Әскери әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Бельгияның Мемлекеттік туларын желбіретіп, Ақорда алдынан ұшып өтті.

Рәсімде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт бергеннен кейін Президенттік оркестр екі елдің әнұрандарын орындады.





