Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Ақмола облысында 264-ші өрт сөндіру бекеті ашылды

Ақмола облысында 264-ші өрт сөндіру бекеті ашылды
Сурет: aikyn.kz

Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы Тасты-Талды ауылында «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымының 264-ші өрт сөндіру бекеті іске қосылды. Бұл нысан екі елді мекеннің 1 011 тұрғынының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.

Сурет: aikyn.kz

Бекет жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен салынып, жабдықталды. Нысанды ашуға дайындық барысында ғимарат пен қызметтік үй-жайларға жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, ерікті өртке қарсы құрылымның жұмысына қажетті жағдайлар жасалды.

Сурет: aikyn.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндіру техникасын, өрт-техникалық қару-жарақ пен құрал-жабдықтарды, сондай-ақ байланыс құралдарын берді. Нысан тұрғындардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындауға толық дайын.

Өрт сөндіру бекетінің ашылуы ауылдық елді мекендердің өртке қарсы қорғанысын күшейтудегі маңызды қадам болды. Ерікті өртке қарсы құрылым ашылғаннан кейін бірден шақырту бойынша оқиға орнына аттанып, дала алқабындағы өртті жедел түрде сөндірді.