Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
16 қазан 2026, жұма USD 454,1 EUR 509,2 RUB 5,41 CNY 67,9 Астана -1° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Ақбаян Мұқанғалиева қайғылы оқиғадан кейін өмірге бейімделіп келеді

Ақбаян Мұқанғалиева отбасынан айырылған соң қалыпты өмірге бейімделіп, жазу, тігін, сурет салу сияқты дағдыларды қайта меңгеруде.

Ақбаян Мұқанғалиева қайғылы оқиғадан кейін өмірге бейімделіп келеді
Сурет: aikyn.kz

Ата-анасы мен бауырларынан айырылған Ақбаян Мұқанғалиева біртіндеп қалыпты өмірге оралуда. Ол әлі күнге дейін отбасына қатысты қанды қылмыс туралы білмейді. Туыстарының айтуынша, дәрігерлер ауыр жаңалықты естіртпеуге кеңес берген.

Қазіргі уақытта Ақбаян күнделікті дағдыларын қайта меңгеріп, өмір сүруге бейімделіп келеді. Оған туыстарымен бірге әлеуметтік қызметкерлер көмектесіп жатыр.

Ақбаян қайтадан жазуды үйреніп, тігін тігуді меңгеруде. Сонымен қатар сурет салуға машықтанып, үстел теннисін ойнауды да үйреніп жүр. Мамандар оның тұрмыстық дағдыларын қалпына келтіріп, өз бетінше әрекет етуіне қолдау көрсетуде.

Басынан өткен ауыр жағдайға қарамастан, Ақбаян балаларын көруге барып тұрады. Ол жаңа дағдыларды меңгеріп, күнделікті өмірге қайта бейімделу жолында шағын болса да маңызды қадамдар жасап келеді.