Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Ануар Досмаилов конкурдан Қазақстан Кубогында топ жарды

Ануар Досмаилов конкурдан Қазақстан Кубогында жеңіске жетті. «Арғымақ» кешенінде өткен жарыста ол екі атпен топ жарды.

Ануар Досмаилов конкурдан Қазақстан Кубогында топ жарды
Сурет: aikyn.kz

«Арғымақ» ат спорты-сауықтыру кешенінде конкурдан Қазақстан Республикасы Кубогы мәресіне жетті. Республикалық додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік шабандоздар қатысып, биіктігі 100-ден 130 сантиметрге дейінгі кедергілері бар алты бағытта бақ сынасты.

Сурет: aikyn.kz

Бас жүлдені Ануар Досмаилов жеңіп алды. Ол 130 сантиметрлік шешуші маршрутта Google MeTH және А’Корветте атты екі атымен де сәтті өнер көрсетіп, тиісінше бірінші және екінші орындарды иеленді.

Сурет: aikyn.kz

Кубок бағдарламасына алты маршрут енгізілді. Алғашқы күні спортшылар 100, 110 және 120 сантиметрлік кедергілерден өтсе, екінші күні 110, 120 және 130 сантиметрлік бағыттарда жарысты.

Сурет: aikyn.kz

Бірінші күннің қорытындысы

  • 100 см: Амира Кабжанова (Шах, «Көкпар Астана»), Арман Қажакат (Шелби, жеке), Карина Най (Фирмач, «Көкпар Астана»)
  • 110 см: Ержан Қорабай (Бүркіт, Prestige Horse Club), Ануар Досмаилов (Google MeTH, NAIMIR), Азамат Хасенов (Lady in Red AST, «Көкпар Астана»)
  • 120 см: Яна Жемчужина (Бавария, NAIMIR), Ануар Досмаилов (А’Корветте, NAIMIR), Ануар Досмаилов (Google MeTH, NAIMIR)

Екінші күннің қорытындысы

  • 110 см: Арман Қажакат (Шелби, жеке), Карина Най (Фирмач, «Көкпар Астана»), Абзал Нарымбай (Гордый, «Көкпар Астана»)
  • 120 см: Алина Бигалиева (Hi Diarado, Prestige Horse Club), Ануар Досмаилов (А’Корветте, NAIMIR), Карина Най (Фирмач, «Көкпар Астана»)
  • 130 см: Ануар Досмаилов (Google MeTH, NAIMIR), Ануар Досмаилов (А’Корветте, NAIMIR)

Қазақстан Кубогы-2026 жоғары деңгейдегі бәсекелестік пен тартысты жарыспен ерекшеленді. Шабандоздар мен жылқылар арасындағы үйлесім, сенім және кәсіби дайындық шешуші фактор болды.

Сурет: aikyn.kz

Бұл дода елдегі ат спортын дамытуға, ұлттық құрама мүшелерінің шеберлігін арттыруға, перспективалы спортшылар мен жылқыларды анықтауға, сондай-ақ төрешілердің кәсіби деңгейін жетілдіруге бағытталған.