Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

«Аңсаған сәби» бағдарламасы: 15 мың бала дүниеге келді

«Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылғалы 15 мың бала дүниеге келді. Денсаулық сақтау министрлігі ЭКҰ циклдері мен квоталар туралы мәлімет берді.

«Аңсаған сәби» бағдарламасы: 15 мың бала дүниеге келді
Сурет: aikyn.kz

Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 15 мың нәресте өмірге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бағдарлама 2021 жылы бастау алған. Осы уақыттан бері экстракорпоралдық ұрықтандырудың 37 мыңға жуық циклі жасалды. Жыл сайынғы квота көлемі 7 мыңға дейін ұлғайтылды.

Министрліктің дерегінше, қазір еліміздегі отбасылардың шамамен 15%-ы бедеулікке ұшырайды. Жыл сайын 20,5 мыңға жуық жұп осы мәселе бойынша медициналық көмекке жүгінеді.

ЭКҰ жасайтын медициналық ұйымдардың саны да өскен. 2004 жылы мұндай қызметті төрт клиника көрсетсе, 2025 жылы олардың саны 32-ге жетті.