Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +7° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Алты ЕО елі бюджетті қысқартуды талап етеді

Алты ЕО елі бюджетті қысқартуды талап етеді
Сурет: baq.kz

Еуропалық Одаққа мүше алты мемлекет — Германия, Нидерланды, Дания, Австрия, Финляндия және Швеция — Еурокомиссияның 2028–2034 жылдарға арналған бюджет жобасын қысқартуды сұрады.

DW хабарлауынша, Еурокомиссия инфляцияны ескере отырып, жеті жылдық бюджетті шамамен 2 трлн еуро деңгейінде белгілеуді ұсынған. Алайда аталған алты ел бұл соманы бірнеше жүз миллиард еуроға азайтуды талап етіп отыр.

Германия канцлері Фридрих Мерц бюджет шығындарын қысқарту барлық саланы қамтуы тиіс екенін айтты. Ол Еурокомиссияның ұсынысын қазіргі жағдайда қолайсыз деп бағалады. Мерцтің сөзінше, ЕК ұсынған бюджет көлемі 60%-ға ұлғаяды, ал мұндай шығынды қазіргі жағдайда қаржыландыру мүмкін емес.

Бұл алты мемлекет ЕО бюджетінің шамамен 40%-ын қаржыландырады және Украинаға берілетін көмектің елеулі бөлігін өз мойнына алған. Олар қауіпсіздік пен қорғаныс, бәсекеге қабілеттілік, көші-қон және Еуропаның егемендігін қорғауды бюджеттің басым бағыттары етіп белгілеуді ұсынды. Сондай-ақ бұл елдер ЕО елдерінің жаңа бірлескен қарыз алуына қарсы шықты.

2028–2034 жылдарға арналған ЕО-ның көпжылдық қаржылық шеңберін қабылдау үшін Одаққа мүше барлық 27 мемлекеттің келісімі қажет.