Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Алматыдағы «Атакент» ағаштарының қурауына қатысты әкімдік жауап берді

Алматыдағы «Атакент» аумағындағы ағаштардың қурауына қатысты Бостандық ауданы әкімдігі түсініктеме берді.

Алматыдағы «Атакент» ағаштарының қурауына қатысты әкімдік жауап берді
Сурет: baq.kz

Алматы тұрғындары «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығының аумағындағы ағаштардың қурап бара жатқанын айтып, әлеуметтік желіде дабыл қақты. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлады.

Жергілікті тұрғындардың бірі жазбасында: «Біздің Атакент қурап барады. Қалалық саябақтың осындай күйге түскенін көру өте өкінішті. Тиісті шара қабылдап, ағаштардың жойылып кетуіне жол бермеңіздер», — деп жазды.

Бұған Бостандық ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі жауап берді. Олардың мәліметінше, «Атакент» аумағында стационарлық суару жүйесі жоқ, сондықтан жасыл желектер мотопомпалар арқылы суарылады.

Қазіргі уақытта суару жұмыстары механикаландырылған тәсілмен күшейтілген. Түнгі уақытта саябақты суару үшін қосымша бес арнайы техника жұмылдырылған.

Әкімдік өкілдері жағдайды бақылауда ұстап, суару жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Қабылданған шаралар ағаштардың қурап қалуына жол бермеуге бағытталған.