Алматыдағы «Аяжан» клиникасына жалған анықтамалар бойынша тексеру басталды
Алматыдағы «Аяжан» клиникасына жалған медициналық анықтамалар мен еңбекке жарамсыздық парақтарын беруі мүмкін деген ақпарат бойынша жоспардан тыс тексеру…
Әлеуметтік желіде «Аяжан» клиникасының жалған медициналық анықтамалар мен медициналық кітапшалар беруі мүмкін екендігі туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі жеке клиникаға жоспардан тыс тексеру жүргізуге бастамашылық етті.
Ведомствоның мәліметінше, егер заңбұзушылық анықталса, тиісті шаралар қабылданады.
Министрлік жалған медициналық құжаттарды жасау, сату немесе біле тұра пайдалану Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды. Жауапкершілік құжатты заңсыз рәсімдегендерге ғана емес, оны сатып алған немесе пайдаланған азаматтарға да жүктелуі мүмкін.
Сонымен қатар Қазақстанда еңбекке жарамсыздық парақтарын рәсімдеу тәртібі өзгерген. Енді құжат медициналық ұйым қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.




