Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан күдікті ұсталды
Алматы полициясы пәтер ұрлығына күдікті ер адамды ұстады. Ол Алматы мен Астанада әрекет еткен, алты эпизод дәлелденді.
Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкерлері Алмалы ауданындағы әріптестерімен бірлесіп, бұрын сотты болған ер адамды ұстады. Ол пәтер ұрлығының бірнеше эпизодына күдікті.
Күдіктінің күмәнді әрекеттері бейнеге түсіп, әлеуметтік желілерде тараған. Ол подъездерге кіріп, құлыпталмаған есіктерді іздеп, тұтқаларын тартып көрген.
Тергеу мәліметінше, ер адам негізінен Алматы мен Астанада әрекет еткен. Құлыпсыз кіреберіс есіктер оған бөтен тұрғын үйге кедергісіз кіріп, мүлікті иемденуге мүмкіндік берген.
Алматыда оның қатысы алты пәтер ұрлығы бойынша дәлелденді. Бір жағдайда пәтердің кіреберісінен 20 мың теңге бар сөмке жоғалса, екіншісінде шығын 40 мың теңгені құраған.
Тергеу жалғасуда, күдіктінің құқыққа қайшы әрекетінің барлық мән-жайы анықталуда.
Полиция тұрғындарды тіпті қысқа уақытқа шыққанда да есікті құлыптауды сұрады.




