Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Алматыда 16 қабатты үйде өрт: 127 тұрғын эвакуацияланды

Алматыдағы Абай даңғылындағы 16 қабатты үйде өрт шығып, 127 тұрғын эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.

Алматыда 16 қабатты үйде өрт: 127 тұрғын эвакуацияланды
Сурет: baq.kz

Алматының Бостандық ауданындағы Абай даңғылында орналасқан 16 қабатты тұрғын үйде өрт болды. Тоғызыншы қабаттағы пәтерде жиһаз жанған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде кіреберісті қою түтін басқаны анықталып, тұрғындарды шұғыл эвакуациялау басталды. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары жұмылдырылды.

Нәтижесінде 42 адам баспалдақ арқылы эвакуацияланды. Тағы 85 адам, оның ішінде төрт бала құтқару қалпақтарының көмегімен қауіпсіз жерге шығарылды.

Өрт жедел сөндірілді. «112» қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

https://t.me/qr_tjm/41619