Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Алматы тауларында екі турист әйел құтқарылды

Алматы тауларында екі турист әйел құтқарылды. Біріншісі байланысқа шықпай қалған соң іздестірілді, екіншісі аяғын жарақаттап, көмекке мұқтаж болды.

Алматы тауларында екі турист әйел құтқарылды
Сурет: baq.kz

Алматы маңындағы таулы аймақта бір күнде екі турист әйелге көмек қажет болды. Алғашқысы байланысқа шықпай қалған соң іздестірілсе, екіншісі құтқарушыларға кері қайту кезінде хабарласқан.

Үлкен Алматы шыңына барған әйел белгілі бір уақыттан кейін хабарласуды тоқтатқан. Оны ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының «Барыс» тобы іздеуге кірісті. Құтқарушылар Аю-Сай мен Проходное шатқалдарын, сондай-ақ Терра және Алёшкин көпірі маңындағы алаңқайларды тексерді.

Нәтижесінде әйел Проходное шатқалындағы сарқыраманың жанынан табылды. Оған медициналық көмек қажет болмағандықтан, құтқарушылар оны қауіпсіз жерге түсіріп, Алматы қаласы ТЖД қызметкерлеріне тапсырды.

Алайда оқиға мұнымен біткен жоқ. Құтқарушылар кері қайтып келе жатқанда тағы бір әйелдің көмекке мұқтаж екендігі туралы хабар түсті. Космостанция ауданында ол аяғын жарақаттап алған екен.

Құтқарушылар дереу оқиға орнына жетіп, зардап шеккен әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін оны қауіпсіз жерге түсіріп, Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырды.