Алматыдағы Аюсай шатқалында адасып кеткен қыз құтқарылды
Алматы қаласының таулы аймағындағы Аюсай шатқалында ТЖД қызметкерлері патрульдеу кезінде ата-анасынан адасып қалған 2019 жылы туған қызды тапты.
Баласының жоқ екенін байқаған ата-анасы «112» пультіне хабарласқан. Құтқарушылар қызды анасына тапсырды, медициналық көмек қажет болмады.




