Алмат Сақатов: Қарапайымдылық әр қазаққа жарасады
Актер Алмат Сақатов мансап пен қызмет адамды қалай өзгертетінін айтып, қарапайымдылыққа шақырды.
Актер Алмат Сақатов әлеуметтік желіде мансап пен қызметтің адамды қалай өзгертетіні туралы ой бөлісті.
Оның айтуынша, адам бойындағы адамгершілік пен асыл қасиет тектен келеді.
«Бір бауырым «Менің бір досым бар еді, қызметке орналасқаннан кейін тұмсығын көтеріп кетті. Бұрын ондай емес еді, тәкаппар емес еді» дейді. Бауырым, ол текпен келетін нәрсе. Қазақта жақсы сөз бар ғой, «Ұлық болсаң, кішік бол», «Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл». Өмірде адамды жағдайы өзгертіп тұрады. Ондай дос менде де бар негізі. Оған «Ей, досым, сен аяғыңмен басып жүрген шөп бір күні қабіріңнің үстінен шығады. Жерге түс» деп айт. Қарапайымдылық әр қазаққа жарасады», – дейді актер.
Оқырмандар оған қолдау білдіріп, пікір білдіріп жатыр.




