Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Таза Қазақстан» сенбілігі өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті. Студенттер мен оқытушылар аумақты тазалап, ағаш түптерін қопсытты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Таза Қазақстан» сенбілігі өтті
Сурет: aikyn.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасына оқу орнының студенттері мен оқытушы-қызметкерлері белсенді қатысып, университет аумағын абаттандыруға үлес қосты.

Сурет: aikyn.kz

Қатысушылар белгіленген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, оқу ғимараттары мен жатақханалардың маңын ретке келтірді. Жерге түскен жапырақтар мен қоқыстарды жинап, ағаштардың түптерін қопсытты.

Сурет: aikyn.kz

Сенбілік барысында қатысушылар қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын атап өтіп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдады. Мұндай шаралар білім алушылардың табиғатқа жанашырлықпен қарауына, қоғамдық орта тазалығын сақтауға және туған жерге деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.