Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +18° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Ақтөбеде емші Бағдагүл Лепесова жала жапқаны үшін 1,5 млн теңге айыппұл төлейді

Ақтөбе соты Бағдагүл Лепесованы жала жапқаны үшін кінәлі деп танып, 1 557 000 теңге айыппұл салды.

Ақтөбеде емші Бағдагүл Лепесова жала жапқаны үшін 1,5 млн теңге айыппұл төлейді
Сурет: aikyn.kz

Ақтөбе қаласының мамандандырылған ауданаралық соты Бағдагүл Лепесованы «Жала жабу» бабы бойынша кінәлі деп танып, оған 1 557 000 теңге айыппұл салды. Бұл шешім продюсер Баян Алагөзова мен тележүргізуші Динара Сәтжанның шағымы негізінде қабылданды.

Іс мамыр айында «Е-өтініш» порталы арқылы полицияға түскен арыздан кейін қозғалды. Арнайы сот сараптамасы видеодағы жала жабу дерегін толық растады.

Сот отырысында Лепесова өз айыбын мойындамады. Ол видеоны өз парақшасына салмағанын айтып, қорғаушысы бейнежазба жасанды интеллект немесе монтаж арқылы жасалған болуы мүмкін деген уәж келтірді.

Сотқа онлайн қатысқан Баян Алагөзова емшіні кешірмейтінін және медиациялық келісімге келмейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, бейнежазбада оның ар-ожданына тиетін, есірткіге тәуелді және мемлекет ақшасын заңсыз пайдаланды деген ауыр айыптар айтылған. Продюсер бұл істің әлеуметтік желіде өзгелерді қорлауға жол бермейтін заң үстемдігін дәлелдейтін сабақ болуын талап етті.

Сот қаулысымен Лепесова Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, айыппұлды 30 күн ішінде төлеуге міндеттелді.