Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Ақмола облысында үш орман өрті сөндірілді

Ақмола облысында 11 тамызда үш орман өрті тіркеліп, олар толық сөндірілді. Өрт сөндіруге мемлекеттік орман мекемелері мен әуе десанттары жұмылдырылды.

Ақмола облысында үш орман өрті сөндірілді
Сурет: baq.kz

11 тамызда Ақмола облысында үш орман өрті тіркелді. Барлық өрт ошағы дер кезінде анықталып, қысқа мерзімде оқшауланып, толық сөндірілді.

Өртті сөндіруге мемлекеттік орман мекемелерінің күштері мен құралдары, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе десанттары және су төгетін құрылғымен жабдықталған тікұшақ жұмылдырылды.

Өрт ошақтары әуе патрульдеуі мен өртті ерте анықтау жүйесі арқылы дер кезінде анықталған. Қажетті күштер мен техника оқиға орнына жедел жеткізіліп, өрттер қысқа мерзімде оқшауланып, толық сөндірілді.

Мамандар аптап ыстық кезінде табиғат аясында демалушыларды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.