Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында булавамен жаттығуда 29,400 ұпай жинады

Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында булавамен жаттығуда 29,400 ұпай жинады
Сурет: baq.kz

Германияның Франкфурт қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлем чемпионатында қазақстандық гимнастшы Ақмарал Ерекешева өнерін сәтті аяқтады. Турнирдің қорытынды күнінде ол екі ұршықпен (булавамен) жаттығу финалында 29,400 ұпай жинады.

Ал таспа жаттығуының финалында қазақстандық спортшы 27,350 ұпай жинап, сегізінші орын алды.

Бұл әлем чемпионаты Ақмарал Ерекешева үшін ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты болды. Бұған дейін жас гимнастшы жеке көпсайыста әлемнің үздік алты спортшысының қатарына еніп, жоғары нәтиже көрсеткен.