Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
10 қазан 2026, сенбі USD 453,9 EUR 508,7 RUB 5,35 CNY 67,8 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Air Astana Алматы мен Астанадан Оманның Салала қаласына тікелей рейс ашады

Air Astana 23 қазаннан бастап Алматы – Салала, 24 қазаннан бастап Астана – Салала бағыттары бойынша аптасына бір рет рейс орындайды.

Air Astana Алматы мен Астанадан Оманның Салала қаласына тікелей рейс ашады
Сурет: aikyn.kz

Қазан айының соңынан бастап Қазақстаннан Оманның Салала қаласына екі жаңа халықаралық әуе бағыты іске қосылады. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.

Air Astana әуе компаниясы 23 қазаннан бастап Алматы – Салала бағыты бойынша ұшатын болады. Рейстер аптасына бір рет, жұма күндері орындалады.

Ал 24 қазаннан бастап Астана – Салала бағыты ашылады. Елордадан ұшақтар аптасына бір рет, сенбі күндері қатынайды. Екі бағытта да Airbus A320 ұшақтары пайдаланылады.

Қазір Қазақстан мен Оман арасында Алматы – Маскат бағыты бойынша тұрақты әуе қатынасы жұмыс істейді. Бұл бағытта Salam Air компаниясы қызмет көрсетеді. Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа рейстер екі ел арасындағы туристік, іскерлік және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Салала – Оманның оңтүстігіндегі Дофар өңірінің әкімшілік орталығы. Қала Араб теңізінің жағалауында орналасқан және жағажай демалысымен танымал. Жаңа бағыттардың ашылуы қазақстандықтарға Оманның астанасы Маскатқа соқпай-ақ, Салалаға тікелей ұшуға мүмкіндік береді.