Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

2027 жылы АЕК 4 693 теңгеге дейін өседі, бірақ кейбір жәрдемақылар ескі мөлшермен есептеледі

2027 жылы Қазақстанда АЕК 4 693 теңгеге дейін өседі, бірақ кейбір әлеуметтік жәрдемақылар ескі 4 325 теңгелік көрсеткішпен есептеледі.

2027 жылы АЕК 4 693 теңгеге дейін өседі, бірақ кейбір жәрдемақылар ескі мөлшермен есептеледі
Сурет: aikyn.kz

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4 693 теңгеге дейін ұлғаяды. Дегенмен, барлық әлеуметтік төлемдер жаңа көрсеткішпен есептелмейді. Кейбір жәрдемақылар үшін бұрынғы 4 325 теңгелік шама қолданылады.

Ашық НҚА сайтында 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылған еді. Құжатқа сәйкес, 2027 жылы жалпы ең төмен күнкөріс деңгейі 55 173 теңге болып белгіленбек.

Алайда Әлеуметтік кодекстің 10-бабы 1-тармағының 5), 6-1) және 8) тармақшаларында көрсетілген әлеуметтік жәрдемақыларды есептеу үшін 50 851 теңге мөлшеріндегі көрсеткіш пайдаланылады. Бұл санаттарға мыналар кіреді:

  • мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау;
  • еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау;
  • асыраушысынан айырылған адамдарды әлеуметтік қорғау.

Яғни, бұл төлемдерді есептеу кезінде 2027 жылы белгіленетін 55 173 теңгелік жаңа ең төмен күнкөріс деңгейі емес, 50 851 теңгелік көрсеткіш қолданылады.