Абай Асылхан Жанель Мақажанмен ажырасқанын жария етті
Актер Абай Асылхан Instagram парақшасында Жанель Мақажанмен ажырасқанын растап, бұл шешімді екеуі бірлесіп қабылдағанын және кейбір мәселелер заң аясында…
Актер Абай Асылхан әлеуметтік желідегі парақшасында Жанель Мақажанмен некелерінің аяқталғанын мәлімдеді. Жазбасында ол бұл шешімді екеуі бірлесіп қабылдағанын, араларына бөгде адам араласпағанын жеткізді.
Сонымен қатар кейбір мәселелердің заң шеңберінде реттеліп жатқанын атап өтті.
«Иә, Жанель екеуміздің ерлі-зайыптылық қарым-қатынасымыз аяқталды. Біз бірге бес жыл өмір сүрдік. Бұл кезеңде қуанышты сәттер де, қиындықтар да болды. Мен үшін бұл шешім өте қиын болды. Бұл екеуміздің бірдей шешіміміз болды, сырттан ешкім араласпады. Оған амандық пен жақсылық тілеймін. Ол — балаларымыздың анасы, сондықтан өзара құрметті сақтауды маңызды деп санаймын. Балаларымның алдындағы әкелік жауапкершілігімді әрі қарай да атқара беремін», — деп жазды Абай Асылхан.




