Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
22 қазан 2026, бейсенбі USD 448,6 EUR 503,8 RUB 5,48 CNY 67,2 Астана +2° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Дана Нұржігіттің «Көлеңке» кітабы жарық көрді

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің «Көлеңке» кітабының тұсаукесері өтті. Оның ұлы Әлім анасын құттықтап, туындының сталкинг мәселесіне арналғанын айтты.

Дана Нұржігіттің «Көлеңке» кітабы жарық көрді
Сурет: aikyn.kz

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің «Көлеңке» атты кітабының тұсаукесері өтті. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде бейнежазба жариялап, кітаптың шыққанын хабарлады.

Жарияланған видеода оның ұлы Әлім анасын құттықтап жатқанын көруге болады. Ол сөзінде анасына деген жылы лебізін білдіріп, кітаптың маңыздылығына тоқталды.

«Ең алдымен анамды құттықтағым келеді. Кітабыңыз құтты болсын! Анам екеуміз көрген қиындықты жауыма да тілемеймін. Бұл білім туралы кітап емес, бұл – инструкция. Сталкинг – әлеуметтік мәселе. Мұндай жағдайды тек анам екеуміз ғана бастан өткерген жоқпыз. Қазақстанда, жалпы әлемде мұндай оқиғалар көп кездеседі», – деді Әлім.

Айта кетейік, Дана Нұржігіт бұрынғы жолдасы тарапынан сталкингке тап болғанын айтқан еді.